Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Доллар бағамы 440 теңгеден де төмен түсті • БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Доллар бағамы 440 теңгеден де төмен түсті • БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды •

    БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген

    БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген
    Фото: Telegram Криминальный Казахстан

    Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында 26 жастағы ер адам 18 жастағы інісін өлтіріп, кейін оның жоғалғанын айтып, туыстарымен бірге іздеуге қатысқан. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқиға 19 мамырға қараған түні туыстардың бас қосуы кезінде болған. Сот мәліметінше, жанжал кезінде 26 жастағы ер адам 18 жастағы туыс інісіне ас үй пышағымен 15 рет пышақ сұғып, кейін оны ұрып-соққан. Жігіт оқиға орнында көз жұмған.

    Ер адам марқұмның денесін үй артындағы қоқыс шұңқырына көміп, кейін ұйықтап қалған.

    Ең сорақысы, ол сегіз күн бойы туыстарымен бірге марқұмды іздеуге қатысқан. Тіпті әлеуметтік желіде оның жоғалғаны туралы жазбалар жариялап, туыстарының жанында іздеп жүрген. Қылмыс куәгерлердің берген жауабы арқылы ашылған.

    Сот ер адамды адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 12 жылға соттады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтейді.

    Сонымен қатар сотталушыны маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы шешім қабылданды. Ол қаза болған жігіттің отбасына 12 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

    Марқұмның анасы сот үкімімен келіспей, жазаны тым жеңіл деп санайды. Ол соттан ер адамды кемінде 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

    Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →