Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен ресми сапармен Берлинге келді. Сапар барысында келіссөздер мен бизнес-форумдар жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен аталған елге ресми сапармен келді.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Берлиндегі сапар барысында Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жүргізу жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылайды.
Сонымен қатар, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенге барады.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияның жетекші компаниялары мен қаржы институттарының басшыларымен, жоғары оқу орындарының ректорларымен және ғылыми институттарының жетекшілерімен кездесулері жоспарланған.
Мемлекет басшысы Берлиндегі бизнес-форумға және Мюнхендегі технологиялық бизнес-форумға қатысады.
