Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан мен Қытай бірлесіп Орталық Азия мен Еуропа нарығына шығуы керек — Президент • Маңғыстаудағы трагедия: аман қалған сарбаздың әкесі пікір білдірді • Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі Оралға жеткізілді • Қазақстандық мерген Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Тоқаев: Қытай халқы біздің халыққа ешқашан зиян келтірген емес • Алматыда Тоқаев қатысқан форумдағы қонақтар қаза болған сарбаздардың рухына тағзым етті (ВИДЕО) • Қазақстан мен Қытай бірлесіп Орталық Азия мен Еуропа нарығына шығуы керек — Президент • Маңғыстаудағы трагедия: аман қалған сарбаздың әкесі пікір білдірді • Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі Оралға жеткізілді • Қазақстандық мерген Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Тоқаев: Қытай халқы біздің халыққа ешқашан зиян келтірген емес • Алматыда Тоқаев қатысқан форумдағы қонақтар қаза болған сарбаздардың рухына тағзым етті (ВИДЕО) •

    Сарбаздардың қазасы: күдікті лауазымды қызметкерлер анықталып, марқұмдардың жақындарына көмек көрсетіліп жатыр

    Сарбаздардың қазасы: күдікті лауазымды қызметкерлер анықталып, марқұмдардың жақындарына көмек көрсетіліп жатыр

    Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

    Каспий теңізінде сарбаздардың қазасына байланысты қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен оқу-жаттығуды ұйымдастыруға қатысты заң бұзушылықтарға жол берген болуы мүмкін лауазымды тұлғалар анықталды. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның отырысында айтылып, қаза болғандар мен зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету және жиналған қаражаттың ашық бөлінуін қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі («ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық істер қозғалған.

    «Тергеу барысында әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға және құтқару іс-шараларын жүргізуге байланысты заң бұзушылықтарға жол берді деп күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», – деді Санжар Әділов.

    Оқиғадан кейін құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы жеке қаралды. Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың айтуынша, оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әскери қызметші есін жиып, барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Жанында ата-анасы бар.

    «Отырыс барысында қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, барлық түскен қаражатты бөлудің абсолютті ашықтығы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте материалдық көмек заңда белгіленген мемлекеттік төлемдер мен өтемақыларды ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдері мен меценаттар тарапынан қаржылық қолдауды да қамтитын болады», – делінген Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →