Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Шымкент әуежайында мас жолаушы багажында жарылғыш зат бар деп мәлімдеді

    Шымкент әуежайында мас жолаушы багажында жарылғыш зат бар деп мәлімдеп, 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды. Тексеру кезінде қауіп расталмады.

    Шымкент әуежайында мас жолаушы багажында жарылғыш зат бар деп мәлімдеді

    Сурет: Polisia.kz

    Шымкент әуежайында мас күйдегі жолаушы багажының ішінде жарылғыш зат бар екенін айтып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Полиция деректеріне сүйенсек, оқиға Шымкент – Астана бағытындағы рейске тіркелу барысында орын алған. Алкогольдік масаң күйдегі ер адам өз багажының ішінде «жарылғыш құрылғы» барын мәлімдеген.

    Содан кейін әуе компаниясының қызметкерлері жолаушыны рейстен шығарып, көліктегі полиция қызметкерлеріне тапсырды.

    Тексеру кезінде ер адамның сөзі расталмады. Багаждан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Әуежайда эвакуация жүргізілмеген.

    Іс қорытындысы бойынша жолаушы қоғамдық орында мас күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік әкімшілік қамау тағайындалды.

    «Көліктегі полиция департаменті әуежайларда және көлік инфрақұрылымы нысандарында жарылғыш құрылғылар немесе өзге де қауіп-қатерлер туралы әзіл айтуға болмайтынын ескертеді. Адам қандай да бір зиян келтіруді көздемей, мұндай мәлімдемені «әзіл ретінде» айтқан күннің өзінде, қауіпсіздікке қатысты кез келген ақпарат белгіленген тәртіппен тексеріледі және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін», — делінген хабарламада.

    Полиция әуежайлар мен көлік нысандарында қауіпсіздікке қатысты мұндай мәлімдемелер әзіл ретінде қабылданбайтынын ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →