Хопонопоно әдісі: денеңізбен сөйлесіп, 40 кг салмақ тастауға болады
Хопонопоно әдісі арқылы денеңізбен сөйлесіп, артық салмақтан арылуға болады. Хью Лин мен Д. Виталенің тәжірибесі, 40 кг салмақ тастау тарихы.
Сурет: ernur.kz
Диета ұстаудың да, жаттығу жасаудың да қажеті жоқ. Тек әйгілі психотерапевт айтқан сөздерді қайталау жеткілікті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Күнделікті күйбең тірлік пен асығыс өмірде денеміздің үнін ести бермейміз. Артық салмақ немесе сырқат пайда болса, оны бірден шектеулермен, қатаң диеталармен «жазалауға» кірісеміз. Алайда барлық өзгеріс сыртқы шектеулерден емес, сана мен тәннің үйлесімінен басталуы тиіс екенін көбіміз ұмытып кетеміз. Ал Хопонопоно тәсілі жанды тазартып қоймай, денемен дұрыс тіл табысудың қуатты құралы. Бұл әдісті артық салмақпен күресте қалай қолдануға болады?
Хопонопоно әдісі
Алдымен Хопонопоно әдісі туралы аз-кем тоқталып өтейік. Әйтсе де көп оқырманға бұл әдіс таныс болса керек. Өйткені бұл туралы интернетте ақпарат көп және қазақстандық барлық психолог, коучтар семинарларында айтып жүр.
Бұл әдісті алғашқылардың бірі боп гавайлық дәрігер Хью Лин қолданған. Ол — психолог, психотерапиялық бағытта жұмыс істеген маман, Ph.D. дәрежесі болған. Ол 1982 жылы гавайлық рухани ұстаз Моррна Наламаку Симеонамен танысып, одан хопонопононың жаңартылған нұсқасын үйренген.
Емделмейді деп диагноз қойылған қаншама ауруды емдеген, тіпті психикалық ауруханада жатқан пациенттерді де құлан таза айықтырған. Бұл туралы естіген американдық мотивациялық спикер, «Тартылыс заңы» ілімдерін насихаттаушылардың бірі Д.Витале гавайлық дәрігерді іздеп жолға шығады.
Ол Хью Линнің жұмыс тәсіліне қатты қызығады. Өйткені дәрігердің психикалық ауруханада жатқан науқастармен жұмыс істеу тәсілі өзгеше еді. Хью Лин пациенттермен ұзақ әңгімелесіп, олардың мінез-құлқын талдауға немесе әрқайсысына жеке-жеке терапия жүргізуге тырыспаған. Оның орнына науқастардың медициналық құжаттарын қарап отырып, өз ішкі күйімен жұмыс жасаған.
Дәрігердің айтуынша, адамның сыртқы әлемінде болып жатқан жағдайдың бір бөлігі оның өз ішкі дүниесімен байланысты. Сондықтан ол әр пациент туралы ойлаған сайын төрт қарапайым тіркесті қайталап отырған: «Мен сені жақсы көремін. Өте өкінішті. Өтінемін, мені кешір. Саған алғыс айтамын».
Бұл сөздер сырттай қарағанда қарапайым көрінгенімен, Хью Лин оларды жай қайталанатын сөз емес, адамның санасын тазалау мен ішкі күйін өзгертуге бағытталған амал ретінде түсіндірген. Кейін бұл тәсіл Хопонопоно атауымен кеңінен таралып, өзін-өзі кешіру, өткенді жіберу, реніш пен кінә сезімінен арылу туралы танымал психологиялық практикаға айналды.
Д.Витале Хью Линмен кездескеннен кейін осы тәжірибені көпшілікке таныстыра бастайды. Оның кітаптары мен семинарлары арқылы хопонопоно әлемнің әр түкпіріне таралып, адамның өміріндегі қиындықтарды ең алдымен өз ішінен іздеу идеясы кеңінен танымал болды.
Күнде денеңізге осыны айтыңыз
Төрт аффирмация сөзді бірнеше рет қайталау арқылы ауруды емдейтін Хью Линнен бір күні Д.Витале арықтау үшін не істеу керектігін сұрайды. Өйткені сол жылдары Д. Витале семіздіктен зардап шегіп жүрген болатын.
Хью Лин «Өз денеңізбен сөйлесіңіз. Оған: «Мен сені жақсы көремін. Маған сенің келбетің ұнайды. Менімен бірге болғаның үшін саған алғыс айтамын. Егер сені ренжіткен болсам, өтінемін, мені кешір» деп айтыңыз. Денеңізге сүйіспеншілік пен алғысқа толы көзқараспен қараңыз, көз жүгіртіңіз. «Сенің ішіңде өмір сүріп жатқаным үшін саған алғыс айтамын. Мені қозғалтып жүргенің үшін рақмет. Тыныс алып жүргенім үшін, жүрегімнің соққаны үшін саған рақмет» деп күнде айтыңыз. Денеңізге өміріңіздегі серіктес ретінде қараңыз, қызметші ретінде емес. Денеңізбен кішкентай баламен сөйлескендей сөйлесіңіз. Онымен дос болыңыз» деп жауап беріпті.
Осы сөздерді айтып Витале 40 кг салмақ тастағанын өзінің «Өмір шектеусіз» («Жизнь без ограничений») кітабында жазған. «Өз тәжірибемде де бұл әдістің әсерін байқап, денемен диалог орнатудың қаншалықты күшті екенін сездім. Бұл жай ғана арықтау құралы емес, бұл — өз-өзіңмен табысудың, ішкі үйлесімді табудың және сананы сауықтырудың терең жолы» деп жазады Д. Витале.
Шын мәнінде, біз артық килограмдармен күресіп, оны жау ретінде көреміз. Ал онымен қарым-қатынасымызды түзеп, қабылдап, жақсы көріп, реніштерімізді түбегейлі жойғанда ғана ішкі қарсылық жоғалып, ағзаның табиғи регенерация және салмақты реттеу процесі қосылады. Хью Лин өзінің махаббат пен қабылдауға құрылған тәсілінде осыны ұқтырғысы келеді.
Олай болса, оқырман, осы әдісті қолданып көріңіз.
Жазира Смағұлова,
Тағы да оқыңыз:
Осы 6 ДАҒДЫны үйренген бала МИЛЛИОНЕР болады
