Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова өткен өмірі мен болашаққа көзқарасы туралы жазба жариялады • Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүние салды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Дариға Бадықова өткен өмірі мен болашаққа көзқарасы туралы жазба жариялады • Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүние салды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты •

    «10 мың теңге пара алған»- Шымкентте шенеунік жазаға тартылды

    Шымкентте еңбек және әлеуметік қорғау департаментінің жетекшісі екінші топ мүгедегінен пара алған, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    Otyrar.kz-тің жазуынша, шенеунік азаматтың мүгедектігін тағы да созып беру үшін пара алған. Осылайша 10 мың теңгені қалтасына басқан департамент жетекшісі сот залынан бір-ақ шықты. Оған 250 мың теңге мөлшерінде айыпұл салынды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тиым салынды.

     

    «Бұл халықтың осал тобына қатысты жасалған өте ауыр қылмыс. Осыған байланысты біздің департамент бірқатар іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті № 5 бөлімінің басшысына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол басшы лауазымды атқара отырып, өзінің қызметтік жағдайын жеке, пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны және делдал арқылы екінші топтағы мүгедек азаматқа мүгедектік мерзімін ұзарту үшін жалпы сомасы 10 мың теңгеге пара алғаны анықталды», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Олжас Тобашов.

     

    Осылайша іс материалдары сотқа жіберілген. Нәтижесінде шенеунік тиісті жазаға тартылып отыр.

    Qazaq.today 

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →