Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 18 қыркүйек 2026 $ 449,5 518,8 5,34
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Британиялық саяхатшы Мэтт Барлоу Қазақстанның табиғаты мен қонақжайлылығына тәнті болды Павлодар облысында еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды Шымкент әуежайында табылған патрон: Жамбыл ауданының тұрғынына 60 мың теңге айыппұл салынды «Үш күн болды»: Зайсан көлінде жоғалған екі балықшыны іздеу неге созылып кетті? Мекке маңында дрон атып түсірілді Ақтау–Бейнеу тасжолындағы жол апатынан төрт адам мерт болды Британиялық саяхатшы Мэтт Барлоу Қазақстанның табиғаты мен қонақжайлылығына тәнті болды Павлодар облысында еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды Шымкент әуежайында табылған патрон: Жамбыл ауданының тұрғынына 60 мың теңге айыппұл салынды «Үш күн болды»: Зайсан көлінде жоғалған екі балықшыны іздеу неге созылып кетті? Мекке маңында дрон атып түсірілді Ақтау–Бейнеу тасжолындағы жол апатынан төрт адам мерт болды

    Павлодар облысында еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

    Павлодар облысының прокуроры Алмат Байшулаковтың төрағалығымен еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Жабық резервуарлардағы қауіпсіздік талаптары талқыланды.

    Павлодар облысында еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

    Сурет: turkystan.kz

    Павлодар облысының прокуроры Алмат Байшулаковтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен мамандары қатысқан еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жиында жабық резервуарларда жұмыс істеу қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Мұндай нысандарда адам өміріне қауіпті химиялық заттар жиналуы мүмкін.

    Облыстағы бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында осындай нысандар бар. Онда шамамен 3 мың адам еңбек етеді. Жүргізілген талдау жұмысшылардың қорғаныс құралдарымен және қажетті жабдықтармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмегенін көрсетті.

    Талқылаудан кейін арнайы алаңда қатысушыларға жабық резервуарларда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау тәртібі және төтенше жағдай кезінде әрекет ету жолдары көрсетілді.

    Алмат Байшулаков жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік ең алдымен жұмыс берушіге жүктелетінін атап өтті. Оның айтуынша, қауіпсіз еңбек жағдайы мен қажетті қорғаныс құралдарын қамтамасыз етпей, жұмысшыны жұмысқа жіберуге жол берілмейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →