Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 $ 449,5 518,8 5,34
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Шымкент әуежайында табылған патрон: Жамбыл ауданының тұрғынына 60 мың теңге айыппұл салынды

    Тараз соты Шымкент әуежайында 12 калибрлі патрон тасыған Жамбыл ауданының тұрғынын ӘҚБтК 482-бабы бойынша кінәлі деп танып, 60 мың теңге айыппұл салды.

    Шымкент әуежайында табылған патрон: Жамбыл ауданының тұрғынына 60 мың теңге айыппұл салынды

    Сурет: turkystan.kz

    Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты патронды заңсыз сақтау фактісі бойынша Жамбыл ауданының тұрғынына қатысты істі қарады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сот мәліметінше, 2026 жылғы тамыз айында азаматша О. Шымкент әуежайынан «Шымкент–Жезқазған» бағыты бойынша ұшуды жоспарлаған. Тексеру аймағынан өту барысында қызметкерлер оның сөмкесінен тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 12 калибрлі патронды тапқан.

    Кінә хаттамамен, тараптардың айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді.

    Сотта азаматша О. өз кінәсін мойындап, патронды байқамай сөмкесіне салып алғанын және оның сөмкесінде қайдан пайда болғанын білмейтінін түсіндірді.

    Криминалистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, патрон зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды.

    Сот кінәсін мойындауды, өкініш білдіруді, бірінші рет құқық бұзушылық жасауды және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

    Сот қаулысымен О. ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Тәркіленген патрон жойылуға жатады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →