Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 $ 449,5 518,8 5,34
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматы облысында рұқсат етілмеген қоқыс полигоны өртенді

    Алматы облысында рұқсат етілмеген қоқыс полигонында өрт шығып, 400 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт оқшауланды, сөндіру жұмыстары жалғасуда.

    Алматы облысында рұқсат етілмеген қоқыс полигоны өртенді

    Сурет: newtimes.kz

    Алматы облысында рұқсат етілмеген қоқыс полигонында өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт аумағы 400 шаршы метрді құрады. Өрт оқшауланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға орнында су үздіксіз беріліп жатыр. Арнайы техника тартылып, аумақты қалпына келтіру және өрт ошақтарын топырақпен көму жұмыстары жүргізілуде.

    Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

    Бұған дейін Астанада Есіл ауданында салынып жатқан тұрғын үй аумағында өрт болған. Ғимараттың шатырында құрылыс материалдары тұтанған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →