Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 450,0 519,2 5,33
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ғалымдар миды қартаюдан қорғайтын ақуыз механизмін анықтады Алматыда электрвелосипед мінген курьер жол апатына себеп болды Семейдегі 13 жастағы жасөспірімнің анасы: «Кінәлі екеуі де» Талдықорғанда жаттықтырушы 14 жастағы спортшыны екі жыл бойы зорлады деп айыпталуда Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған Алматыда бес көлік соқтығысқан жол апаты: көлікті заңсыз айдап кеткен Ғалымдар миды қартаюдан қорғайтын ақуыз механизмін анықтады Алматыда электрвелосипед мінген курьер жол апатына себеп болды Семейдегі 13 жастағы жасөспірімнің анасы: «Кінәлі екеуі де» Талдықорғанда жаттықтырушы 14 жастағы спортшыны екі жыл бойы зорлады деп айыпталуда Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған Алматыда бес көлік соқтығысқан жол апаты: көлікті заңсыз айдап кеткен

    Алматыда электрвелосипед мінген курьер жол апатына себеп болды

    Алматыдағы Сайын көшесінде электрвелосипед мінген курьер бас киімін көтеру үшін тоқтап, жол-көлік оқиғасына себеп болды. Полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, мән-жайды анықтап жатыр.

    Алматыда электрвелосипед мінген курьер жол апатына себеп болды

    Фото: Видеодан скрин

    Алматыдағы Сайын көшесінде электрвелосипед мінген курьер қауіпті жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алматы полициясының дерегінше, оқиғаның себебін анықтауға бейнебақылау камераларынан түсірілген жазбалар септігін тигізген.

    Кадрларда электрвелосипед жүргізушісінің қозғалыс барысында бас киімін түсіріп алып, оны көтеру үшін тоқтағаны байқалады.

    «Оның соңынан көліктер легі де тоқтайды. Осы тұста су таситын көлік жүргізушісі тежеп үлгермей, соқтығысуды болдырмау үшін көлігін бір жаққа бұрып, металл қоршауға соғылған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген полиция хабарламасында.

    Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Алматы полициясы бұл жағдай жолдағы ахуалдың санаулы секундта өзгеруі мүмкін екенін тағы бір еске салғанын атап өтті. Полиция жүргізушілерді арақашықтықты сақтап, алдағы көліктің күтпеген маневріне дайын болуға шақырды.

    Еске салсақ, бұған дейін Астанада электрсамокаттағы үш жасөспірім автобус астына түсе жаздағаны туралы жазған едік.

    Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →