Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаза тапты: күдікті қамауға алынды
Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторының өліміне қатысты 39 жастағы күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Сурет: Видеодан кадр
Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторының өліміне қатысты күдікті ұсталды. Оқиғаға байланысты 39 жастағы ер адам қамауға алынған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Полиция мәліметінше, бұған дейін марқұм тәртіп сақшысы мен күдікті арасында тұрмыстық жанжал болған. Дау барысында полиция қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген. Кейін алған жарақаттарының салдарынан ол көз жұмған.
Қылмысқа күдікті ретінде Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Соттың санкциясымен ол қамауға алынған.
Белгілі болғандай, қайғылы жағдай болған кезде учаскелік инспектор еңбек демалысында болған.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Істің барысы Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
