Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық банк бөліп төлеу тәртібін өзгертуді ұсынды: не өзгереді Ақтөбе облысында жасөспірім қаза тапқан төбелес: студент сот алдында Астанада фельдшер қазасына қатысты істе жаңа күдіктілер пайда болды Түркістан облысынан шақырылған 19 жастағы сарбаз үйіне ауыр жағдайда оралды Қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігі әзірленеді Ғалымдар: мінсіз дене бітімі жоқ, әр фигураның өз артықшылығы бар Ұлттық банк бөліп төлеу тәртібін өзгертуді ұсынды: не өзгереді Ақтөбе облысында жасөспірім қаза тапқан төбелес: студент сот алдында Астанада фельдшер қазасына қатысты істе жаңа күдіктілер пайда болды Түркістан облысынан шақырылған 19 жастағы сарбаз үйіне ауыр жағдайда оралды Қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігі әзірленеді Ғалымдар: мінсіз дене бітімі жоқ, әр фигураның өз артықшылығы бар

    Ақтөбе облысында жасөспірім қаза тапқан төбелес: студент сот алдында

    Ақтөбе облысы Шалқарда 19 наурызда болған жаппай төбелесте жасөспірім қаза тапты. 18 жастағы студент сот алдында, кісі өлтіруге кінәсін мойындамайды.

    Ақтөбе облысында жасөспірім қаза тапқан төбелес: студент сот алдында

    Сурет: newtimes.kz

    Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 19 наурызда екі топ жасөспірімнің арасында жанжал басталып, ол тез арада жаппай төбелеске ұласқан. Жоғары сынып оқушысы жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, қаза тапқан.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сот төрінде — Шалқар тұрғыны, 18 жастағы бірінші курс студенті. Оқушының қазасына кінәлі деп есептелген жас жігіт шамамен жарты жылдан кейін сот алдына келді. Айыптау тарапы оның барлық әрекетін алдын ала жоспарлаған деп санайды.

    «Жанжал туындаған жағдайда Е. оған қатысушыларға пышақ қолданып, дене жарақатын келтіруді көздеді. Осы мақсатта, өшпенділік ниетпен, қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін Орал қаласынан Шалқарға келді», — деді Ақтөбе облысы прокуратурасының көмекшісі Гүлзира Кочербаева.

    Айыптау нұсқасы бойынша, сотталушы жанжал орнына пышақпен келіп, жәбірленушіге жүрек тұсынан қасақана өлімге әкелетін жарақат салған. Жас жігіттің өзі кісі өлтіруге кінәсін мойындамайды. Ол пышақты тек қорғану үшін қолданғанын айтады.

    «Мен қорықтым да, көліктен қорғануға жарайтын нәрсе іздей бастадым. Қолғап салғышты ашқанда пышақ көрдім. Оны дәл қорғану үшін қалтама салдым. Көлікке отырайын деп жатқанда, маған шамамен 15 жігіттің жүгіріп келе жатқанын көрдім. Сол кезде А. қолымнан ұстады, қалғандары үстіме тап берді. Өлуімнен немесе мүгедек болуымнан қорқып, пышақпен ұрдым», — деді сотталушы сотта.

    Сотталушы А.-ның туыстарына ашық түрде жүгініп, кешірім сұрады. Ол жасөспірімді өлтіру ниеті болмағанына сендірді. Алайда өлімге әкелетін соққыдан кейін, іс материалдарына сәйкес, ол оқиға орнында қалмаған. Жас жігіт қашып кетіп, көлік жөндеу станциясының ғимаратында жасырынған.

    Сотқа өлімге әкелген төбелестің мән-жайын анықтап, айыпталушының әрекеттеріне құқықтық баға беру қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →