Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жантайып жата қойып едім»: Мақпал Жүнісова күйеуінің қызғаншақ болғанын айтты Өндірістен – университетке: «Қазақмыстың» 103 қызметкері жоғары білім алуға кірісті Атырауда жоспарлы операциядан кейін 16 жастағы оқушы көз жұмды: анасы дәрігерлерді кінәлап отыр Апатты деп танылғанына үш жылдан асты: Атырауда тұрғын үйдің балконы опырылып түсті Шайдоров Братиславада өтетін турнирінде өнер көрсетпек Дания Еспаева: Халық Құрылтайда қандай заңдар қабылданып жатқанын білуі керек «Жантайып жата қойып едім»: Мақпал Жүнісова күйеуінің қызғаншақ болғанын айтты Өндірістен – университетке: «Қазақмыстың» 103 қызметкері жоғары білім алуға кірісті Атырауда жоспарлы операциядан кейін 16 жастағы оқушы көз жұмды: анасы дәрігерлерді кінәлап отыр Апатты деп танылғанына үш жылдан асты: Атырауда тұрғын үйдің балконы опырылып түсті Шайдоров Братиславада өтетін турнирінде өнер көрсетпек Дания Еспаева: Халық Құрылтайда қандай заңдар қабылданып жатқанын білуі керек

    Дания Еспаева: Халық Құрылтайда қандай заңдар қабылданып жатқанын білуі керек

    Дания Еспаева: Халық Құрылтайда қандай заңдар қабылданып жатқанын білуі керек

    Фото: видеодан скрин

    Құрылтай депутаты Дания Еспаева журналистердің пленарлық отырысты баспасөз орталығынан бақылауына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, регламент бойынша Құрылтайдың барлық отырысы ашық өтуге тиіс және бұл талап өзгерген жоқ, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    «Біріншіден, бұл сіздердің жұмыс істеулеріңізге қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынды. Бүгін журналистер үшін арнайы үлкен кабинет бөлініп, жұмыс орындары жабдықталды. Меніңше, мұны тек құптау керек», – деді депутат.

    Еспаева Құрылтайдың жоғары заң шығарушы орган екенін атап өтіп, журналистер пленарлық отырысқа келген кезде негізгі назар сол күні қаралатын заң жобаларына аударылуы керек деген пікір айтты.

    Оның сөзінше, мұндай форматтың мақсаты – Құрылтайда қабылданып жатқан заңдар туралы халыққа барынша толық ақпарат жеткізу. Депутат өңірлерге барған кезде тұрғындарға партия бағдарламасынан бөлек, Құрылтайда қабылданған заңдарды да түсіндіруге тура келгенін айтты. Осыған байланысты ол азаматтардың қабылданып жатқан заңдар туралы жеткілікті деңгейде хабардар болуы маңызды екенін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →