Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды •

    Биыл төселген асфальтты қайта жамап жатыр: Атырау–Орал тасжолының сапасына күмән туды

    Биыл төселген асфальтты қайта жамап жатыр: Атырау–Орал тасжолының сапасына күмән туды

    Фото: видеодан скрин

    Атырау–Орал тасжолында биыл жөнделген асфальттың қайта жамалып жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Кадрдан жол үстіндегі жекелеген тұстарға жұмысшылардың қолмен арнайы қоспа жағып жүргенін көруге болады. Видео авторы жаңбырлы күні жасалған жұмыстың сапасына күмән келтіріп, «биыл ғана төселген жол неге қайта жөнделіп жатыр?» деген сауал қойды. Бұл бағытта биыл ауқымды орташа жөндеу жүріп жатыр: Атырау облысындағы 94 шақырым жолды қамтитын жұмыстар республикалық жолдарды жөндеу жобаларының бір бөлігі. Жоба бойынша жолдың ескі қабаты алынып, негізі нығайтылып, үстіне жаңа асфальтбетон төсеу қарастырылған. Енді жаңадан жөнделген жолдың не себепті қайта жамалып жатқаны және мұндай жұмыстың технологиялық талаптарға сәйкестігіне жауапты мекеме түсініктеме беруі тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →