Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды •

    Депутаттар Құрылтай регламентін қабылдады

    Депутаттар Құрылтай регламентін қабылдады
    Фото: quryltai

    Депутаттар жаңа Конституция мен «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң талаптарына сәйкес әзірленген Құрылтай регламентін қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Регламент Құрылтай депутаттарының қызметін және жоғарғы заң шығарушы органның жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Құжат бұған дейін қолданыста болған Қазақстан Парламенті мен оның Палаталарының регламенттері негізінде әзірленген.Құрылтайдың бір палаталы моделі мен конституциялық өкілеттіктерінің жаңа жүйесіне байланысты отырыстар өткізу тәртібі біріздендіріліп, терминология жаңа Конституцияға сәйкестендірілді.

    Құжатта заң жобаларын қарау тәртібіне де елеулі өзгерістер енгізілді. Енді заң жобалары Құрылтайда үш оқылымда қаралады.

    Бірінші оқылымда заң жобасының негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері талқыланады. Екінші оқылымда бас комитеттің салыстырмалы кестесіне енгізілген түзетулер қаралады. Үшінші оқылымда заң жобасының соңғы редакциясы Қазақстан Конституциясына сәйкестігі және құқықтық олқылықтарды жою тұрғысынан қаралады.

    Ал халықаралық шарттарды ратификациялау немесе денонсациялау туралы заң жобалары екі оқылымда қаралады.

    Регламентте жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл тәртібі де жеке қарастырылған. Оның өкілдері өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша тыңдауларға, тұрақты комитеттердің және жұмыс топтарының отырыстарына қатыса алады.

    Сонымен қатар депутаттық әдеп нормалары мен Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі белгіленді.

    Құжаттың қорытынды ережелері Құрылтай жұмысын бастаған кезде заң шығару процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бұған дейін Мәжіліске енгізілген заң жобалары жаңа Регламент талаптарына сәйкес Құрылтайда қарала береді.

    Осылайша, екі палаталы Парламенттен бір палаталы Құрылтайға көшу кезінде құқықтық сабақтастық сақталып, заң шығару процесін ұйымдасқан түрде жалғастыру көзделіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →