Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды •

    Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады

    Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады

    Жезқазғанда «Қазақмыс» Тобында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған «Батыл көшбасшылық» бағдарламасы бойынша аймақтық семинар өтті. Іс-шараға компанияның өндірістік кәсіпорындары мен бөлімшелерінен келген ондаған басшы қатысты. Жиында басшылардың жеке жауапкершілігіне, тәуекелдерді басқаруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің практикалық құралдарына ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл семинар – «Қазақмыс» Тобында Қауіпсіздік жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның екінші іс-шарасы. Бағдарламаның негізінде жеке көшбасшылық қағидаты жатыр. Ол басшының өндірістік нысанда тұрақты болуын, жұмыскерлермен ашық диалог орнатуын, тәуекелді дер кезінде анықтап, жеке үлгі көрсетуін көздейді.

    Практикалық интенсив барысында қатысушылар жұмыс орындарындағы тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алуға қатысты нақты өндірістік жағдайларды қарастырды. Сондай-ақ басқарушылық шешімнің жұмыскердің мінез-құлқына және қауіпсіздік талабының сақталуына ықпалы талқыланды.

    Практикалық бөлімнің қорытындысы бойынша әр қатысушы өз бөлімшесі үшін екі-үш жеке міндеттеме белгіледі. Олардың қатарында өндірістік нысандарда тұрақты болу, жұмыскерлермен өзара іс-қимылды күшейту және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге атсалысу талабы бар.

    Сонымен қатар басшылар қабылданған міндеттемені өндірістік алаңдағы нақты іс-шараға айналдыруға және оның тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін үш айлық іс-қимыл жоспарын әзірледі.

    Жезқазғандағы семинар өндірістік қауіпсіздік мәселесінде басшылардың көшбасшылығы мен жауапкершілігіне бірыңғай тәсілді кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Батыл көшбасшылық» бағдарламасының кезекті кезеңі болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →