Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды •

    «Көрші қабырғадағы саңылаудан қол алысады»: Ақтөбедегі жаңа үйлердің сиқы жұртты шошытты

    «Көрші қабырғадағы саңылаудан қол алысады»: Ақтөбедегі жаңа үйлердің сиқы жұртты шошытты

    Ақтөбедегі Есет батыр тұрғын алабының №3 шағын ауданында 2024 жылы пайдалануға берілген үш тоғыз қабатты үйдің қабырғалары сөгіліп, ірі жарықтар пайда болған, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Тұрғындардың сөзінше, кей пәтерлердегі саңылау адамның қолы сиятындай кеңейіп, түнде қабырғадан шытырлаған дыбыс естіледі.

    №39, 40 және 41 үйлерде мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы және ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар тұрады, енді олар қауіпсіз жерге көшіруді талап етіп отыр. Үйлерді «Ақтөбе-Сәулет» ЖШС салған, ал әкімдік өкілдері анықталған ақаулар бойынша арнайы техникалық тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.
    Әзірге ғимараттардың нақты техникалық жағдайы туралы қорытынды шыққан жоқ, сондықтан қабырғалардың не себепті ажырағаны сараптамадан кейін белгілі болады.
    Екі жылға жетпей осындай күйге түскен үйлердің тұрғындары жөндеумен шектелмей, баспаналардың қауіпсіздігіне нақты кепілдік берілуін талап етуде.

    Видео: @ardakerubaeva_

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →