Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнетақы активтерін басқаруда кім озады? «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты Арыста мас күйде жүкті келіншек пен екі баланы қағып өлтірген мұғалім әйел тоғыз жылға сотталды Минералдық-шикізат қорын дамыту: Қазақмыс Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмысын жалғастыруда Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады «Көрші қабырғадағы саңылаудан қол алысады»: Ақтөбедегі жаңа үйлердің сиқы жұртты шошытты Зейнетақы активтерін басқаруда кім озады? «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты Арыста мас күйде жүкті келіншек пен екі баланы қағып өлтірген мұғалім әйел тоғыз жылға сотталды Минералдық-шикізат қорын дамыту: Қазақмыс Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмысын жалғастыруда Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады «Көрші қабырғадағы саңылаудан қол алысады»: Ақтөбедегі жаңа үйлердің сиқы жұртты шошытты

    «14,7 млрд теңгеге салынған жолды құм басып қалды»: Атырауда жаңа трасса тағы сынға қалды

    «14,7 млрд теңгеге салынған жолды құм басып қалды»: Атырауда жаңа трасса тағы сынға қалды

    Фото: ашық дереккөз

    Атырау облысында Миялы мен Тайсойған ауылдарын жалғайтын жаңа тас жолды бархан құмы қайта басып қалды.

    Ұзындығы 45,8 шақырым болатын жолдың құрылысы 2023 жылдың күзінде басталған, жоба құны бастапқыда 14,7 млрд теңге деп көрсетілген. Жергілікті жұрт үшін бұл жол маңызды: бұрын аудан орталығына жетуге 2-3 сағат кетсе, жаңа жол қатынас уақытын шамамен 40 минутқа дейін қысқартуы тиіс еді.
    Алайда жел көтерілген сайын Тайсойған құмы асфальтқа үйіліп, кей тұста жолдың едәуір бөлігін жауып қалып отыр.

    Енді миллиардтаған теңгеге салынған жолды жобалау кезінде көшпелі құм қаупі қаншалықты ескерілді және оны барханнан қорғайтын қандай шара қарастырылды деген сұрақ туындайды; биылғы ресми жоспарда да «Миялы–Тайсойған» жолын құмнан тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жеке міндет ретінде көрсетілген.
    Айта кетейік, бұған дейін облыстық жол басқармасы 46 шақырымға жуық жолдағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланғанын хабарлаған.

    Видео: halyqstan.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →