Таразда базар маңы қоқысқа айналды: тұрғындар жабайы саудаға наразы
Фото: видеодан скрин
Тараздағы «Қырғы базар» маңындағы санитарлық жағдай тұрғындардың наразылығын туғызды. Таңертең түсірілген видеодан жол жиегі мен қоршау маңында шашылып жатқан қоқысты көруге болады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Тұрғындардың сөзінше, аумақтың ластануына белгіленбеген жерлердегі ретсіз сауда да әсер етіп отыр. Сауда аяқталған соң қағаз, қаптама және басқа да қалдықтар көшеде қалып қоятыны айтылады. Жергілікті жұрт жауапты мекемелерден жабайы сауданы бақылауға алып, базар маңындағы тазалықты реттеуді сұрап отыр. Әзірге бұл мәселеге қатысты жауапты органдардың ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.
Видео: @taraz24tv
