Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 $ 454,0 527,8 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Танымал блогер Арай Шымкент бокс федерациясының медиа директоры болып тағайындалды «Қыркүйек» пе, «қыргүйек» пе: министр жауап берді «Діндарлардың сезімін қорлады»: Баян Мақсатқызы өзіне тағылған айыпқа жауап берді Сауын сиыр дәуірінің ақыры: Әбілқасымова банктерді мемлекет қазынасынан ажыратып тастады Тойда әйелдерді «ұрғашы» деп атаған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін Таразда базар маңы қоқысқа айналды: тұрғындар жабайы саудаға наразы Танымал блогер Арай Шымкент бокс федерациясының медиа директоры болып тағайындалды «Қыркүйек» пе, «қыргүйек» пе: министр жауап берді «Діндарлардың сезімін қорлады»: Баян Мақсатқызы өзіне тағылған айыпқа жауап берді Сауын сиыр дәуірінің ақыры: Әбілқасымова банктерді мемлекет қазынасынан ажыратып тастады Тойда әйелдерді «ұрғашы» деп атаған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін Таразда базар маңы қоқысқа айналды: тұрғындар жабайы саудаға наразы

    Бибісара Асаубаева Үндістанда сәтсіздіктен көз ашпады

    Бибісара Асаубаева Үндістанда сәтсіздіктен көз ашпады
    Фото: ФИДЕ

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бенгалуру қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League командалық турниріндегі алғашқы алты партиясында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп. 

    FYERS American Gambits командасының намысын қорғайтын отандасымыз төрт кездесуді тең аяқтап, екі рет жеңіліс тапты.

    Асаубаева жарысты Екатерина Лагно және Чжу Цзиньэрмен болған тең нәтижелерден бастады. Кейін Полина Шуваловаға есе жіберіп, Дивья Дешмухпен ұпай бөлісті.

    Қазақстандық гроссмейстер 8 қыркүйекте тағы екі партия өткізді. Алдымен үндістандық Харика Дронаваллимен тең ойнаса, кешкі кездесуде Екатерина Лагноға жол берді. Осылайша, Асаубаева алты партиядан төрт ұпай жинады.

    Жеке жеңіске қол жеткізе алмағанына қарамастан, Бибісараның командасы турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде тұр. Алты матч өткізген FYERS American Gambits үш рет жеңіп, үш рет жеңіліп, тоғыз командалық ұпай жинады. Қосымша көрсеткіш бойынша команда бірінші орында келеді. Алайда тоғыз ұпайы бар бірнеше қарсыласының бір матчтан кем өткізгенін ескеру қажет.

    Tech Mahindra Global Chess League – ерлер мен әйелдер аралас құрамда өнер көрсететін командалық рапид жарысы. Турнирдің жалпы жүлде қоры бір миллион долларды құрайды. Бәсеке 13 қыркүйекте аяқталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →