Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Тоқаев көшпенділер ойындары барысын қадағалап отыр Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді Англияда Дастан Сатпаевтің жарақатының сипаты айтылды ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Президент Тоқаев көшпенділер ойындары барысын қадағалап отыр Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді Англияда Дастан Сатпаевтің жарақатының сипаты айтылды ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады

    Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді

    Ақтөбеде анасын пышақтап өлтірген 16 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Ол мәжбүрлі емделуге жіберілді, себебі оған шизофрения диагнозы қойылған.

    Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді

    Сурет: istockphoto

    Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірімнің анасын өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Қылмыс жасаған бала түрмеге емес, мәжбүрлі емделуге жіберілді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сот процесінде он ай бойы жүргізілген сараптама нәтижесінде жасөспірімнің психикалық ауруы бар екені анықталды. Оған «шизофрения» диагнозы қойылды. Қазір ол Талғардағы психиатриялық ауруханада ем алып жатқандықтан, үкімді өзі естіген жоқ.

    Қанды оқиға былтыр жаңа жыл қарсаңында болған. Жасөспірім үйде 41 жастағы анасымен сөйлеспек болып, әңгіме барысында жанжал шыққан. Ашуға булыққан бала пышақ алып, анасына бірнеше рет соққы жасап, қазаға ұшыратқан. Оқиғаға куә болған 73 жастағы әжесі араша түсуге тырысқанда, ол да пышақ жарақатын алған. Әжей ауруханада емделіп, аман қалған.

    Жасөспірімнің мұндай қылмысқа баратынын ешкім күтпеген. Ол сабақты жақсы оқып, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. Ашушаңдығы мен мінезіндегі өзгерістерді жақындары еркелік пен өтпелі кезеңге балаған.

    Сот барысында бірнеше медициналық сараптама жүргізілген. Мамандар оның созылмалы психикалық ауруы қоғамға қауіпті деген қорытындыға келген. Судья мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдануды жөн деп шешті.

    «Интенсивті бақылайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханада мәжбүрлеу емі тағайындалсын. Зейнелғабидинге қолданылған психикалық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға орналастыру түріндегі қауіпсіздік шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. Сот сараптамаларына жұмсалған 1 147 523 теңге процестік шығын мемлекет есебінен қалдырылсын», — деді Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Алтынбек Сабыров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →