Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бағдат Сабаз әлем чемпионатын жеңіспен бастады • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Бағдат Сабаз әлем чемпионатын жеңіспен бастады • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр •

    Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды

    Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды. Ол 1,5 млн доллар алаяқтық жасаған деп күдіктеледі, 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

    Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды

    Сурет: qaz.ulysmedia.kz

    Грузия аумағында халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Отанына қайтарылды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Прокуратураның мәліметінше, 2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында күдікті бір азаматты коммерциялық нысанды сататынына сендіріп, одан 1,5 миллион доллар алыпты. Алайда уәдесін орындамай, елден қашып кеткен. Кейін оған халықаралық іздеу жарияланған.

    Былтыр желтоқсанда күдікті Грузия жерінде анықталып, ұсталған. Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде ол ІІМ Интерполы мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен елге жеткізілді. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында отыр.

    Аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін оған мүлкін тәркілеу арқылы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →