Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорықта жеңімпаз атанды «Балаңыз дуаланған» деп қорқытқан алаяқтар туралы ескерту Арыста жүкті әйел мен екі бала қаза тапқан жол апаты: мұғалім сот алдында Қазақстан жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау шараларын кеңейтеді Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады Ерлан Қарин фракция жетекшілерімен кездесу өткізді Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорықта жеңімпаз атанды «Балаңыз дуаланған» деп қорқытқан алаяқтар туралы ескерту Арыста жүкті әйел мен екі бала қаза тапқан жол апаты: мұғалім сот алдында Қазақстан жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау шараларын кеңейтеді Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады Ерлан Қарин фракция жетекшілерімен кездесу өткізді

    Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады

    Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында командалық есепте көш бастап, 25 алтын, 13 күміс, 17 қола медаль жеңіп алды.

    Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады

    Сурет: instagram/@ulttyqatsport.kz

    Қазақстандық спортшылар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында командалық есепте алдыңғы орынға шықты. 4 қыркүйектегі мәлімет бойынша, ұлттық құрама 55 жүлдеге қол жеткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, қазақстандықтардың қоржынында 25 алтын, 13 күміс және 17 қола медаль бар. Қырғызстан құрамасы жүлделердің жалпы саны бойынша алда тұрғанымен, алтын медаль саны ескерілетін командалық есепте екінші орында. Жарыс қожайындары 23 алтын, 24 күміс және 11 қоланы қоса есептегенде, барлығы 58 жүлде иеленген.

    Үздік үштікті 4 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы түйіндейді.

    Қазақстан өкілдері ойындар бағдарламасына енгізілген 42 спорт түрінің 31-інде өнер көрсетіп үлгерді. Ұлттық құрама аударыспақ, қазақ күресі, алыш белбеу күресі, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы, құсбегілік және өзге де сайыстарда жүлдеге қол жеткізді.

    VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарыстар әлі аяқталған жоқ. Қазақстандық спортшылар алдағы күндері тағы 11 спорт түрінен сынға түседі. Сондықтан құрамалардың медаль кестесіндегі орны өзгеруі ықтимал.

    Қырғызстанда өтіп жатқан дүбірлі додаға әлемнің 113 елінен үш мыңға жуық спортшы қатысуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →