Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда

    Қарағандыдағы ауруханада өрт шықты: құтқарушылар 20 науқасты эвакуациялады

    Қарағандыдағы ауруханада өрт шықты: құтқарушылар 20 науқасты эвакуациялады

    ҚР ТЖМ видеосынан скриншот

    Қарағандыда Қазыбек би атындағы аудандағы Мұқанов көшесінде орналасқан көпсалалы аурухана аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

    ТЖМ мәліметінше, алдымен медициналық мекеме аумағында жиналып тұрған макулатура өртенген. Кейін жалын аурухананың негізгі бес қабатты ғимаратына жапсарлас салынған бір қабатты кіреберістің ағаш шатыр құрылымына тараған.

    Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері келді. Құтқарушылар аурухана әкімшілігімен бірлесіп, қауіпсіздік мақсатында науқастарды эвакуациялады.

    Өрт таралуы мүмкін аумақтан барлығы 20 науқас ғимараттың көршілес блогына көшірілді.

    «Өрт 25 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалынның аурухананың негізгі ғимаратына да, оған жапсарлас салынған үй-жайларға да таралуына жол берілмеді», – деп атап өтті ТЖМ.

    Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →