Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті • Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды • «Той-томалақтан басқа не еңбек сіңірдің?»: Айкерім Қалаубаева мақтанамын деп, елден сөз естіді (ВИДЕО) • Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды • Балқаш мыс балқыту зауытында 16 мың шаршы метрден астам шатыр жаңартылды • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты • Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті • Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды • «Той-томалақтан басқа не еңбек сіңірдің?»: Айкерім Қалаубаева мақтанамын деп, елден сөз естіді (ВИДЕО) • Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды • Балқаш мыс балқыту зауытында 16 мың шаршы метрден астам шатыр жаңартылды • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты •

    Красивое ауылындағы теміржол станциясында ер адам вагон астына түсіп, ауыр жарақат алды

    Ақмола облысындағы Красивое ауылының теміржол станциясында ер адам вагон астына түсіп, ауыр жарақат алды. Зардап шегуші Есіл аудандық ауруханасына жеткізілді.

    Красивое ауылындағы теміржол станциясында ер адам вагон астына түсіп, ауыр жарақат алды

    Сурет: ҚТЖ

    Ақмола облысындағы Красивое ауылының теміржол станциясында ер адам қозғалыстағы вагонның астына түсіп, ауыр жарақат алды. Бұл оқиға вагон қозғала бастаған сәтте болған деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Зардап шегушінің екі қолы қатты жарақаттанып, қан жоғалтуы көп болған. Ол Есіл аудандық ауруханасына жеткізілген.

    Полиция анықтағандай, ер адам жергілікті тұрғын емес, көрші өңірден іссапармен келген. Оның теміржол құрамының жанында не себепті жүргені әзірге белгісіз.

    Көкшетау станциясындағы көлік полиция бөлімі бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Іс теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша тергелуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →