Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    Түркістанда зейнеткер өгей ұлы мен келінін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Көршілердің айтуынша, ол полицияға өзі берілген. Полиция әзірге түсініктеме берген жоқ.

    Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    Фото: әлеуметтік желі

    Түркістан қаласындағы қанды оқиға жантүршігерлік. Зейнеткер қария өз үйінде өгей ұлы мен келінін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды. Көршілердің айтуынша, ол қолы қанға боялған күйі полицияға өзі барып берілген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қылмыс болған үйде бұған дейін егде жастағы ерлі-зайыптылар тұрған. Соңғы бес айда әйелі ауыр науқас болып, төсек тартып жатқан, ал күйеуі оның жанында болған.

    Науқас әйел қайтыс болған соң, оны жерлеуге Қызылордадан ұлы мен келіні келген. Жерлеу рәсімінен кейін туыстар арасында жанжал басталған.

    Куәгерлердің сөзінше, ашуға булыққан қария өгей ұлы мен келініне пышақ сұққан. Содан кейін ол полицияға хабарласып, өз кінәсін мойындаған. Алайда жедел жәрдем келгенше ерлі-зайыптылардың демі үзілген.

    Қарияны полиция қызметкерлері қамауға алып кеткенін көршілер көрген. Қанды оқиғаға қатысты полиция әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасамағандықтан, оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →