Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты

    Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер

    Қазақстандық туристер Вьетнамның Дананг әуежайынан Алматыға ұша алмай отыр. Air Astana рейсінің кешігуіне байланысты жолаушылар транзит аймағында қамалып қалды.

    Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер

    Фото: ИА «NewTimes.kz»

    Қазақстандық туристер Вьетнамның Дананг әуежайынан Алматыға ұша алмай отыр. Air Astana әуекомпаниясының рейсі ұзақ уақытқа кешіктірілгендіктен, жолаушылар транзит аймағында қамалып қалды. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігі хабарлайды.

    Ахуал туралы қазақстандықтар Threads әлеуметтік желісінде баяндады. Олардың сөзінше, KC600 рейсі 12 сағатқа жуық кешіктірілген. Ұшуды күтіп отырғандар тіркеуден, багаж бақылауынан және паспорттық тексеруден өтіп, әуежайдан шыға алмай қалған.

    «Дананг әуежайында 6 баламен 8 сағат болдық. KC600 Алматы-Дананг рейсі. Кешіктіру 12 сағат. Біз тіркеліп, багажды тапсырып, паспорттық бақылаудан өттік. Ал Air Astana не істеп жатыр? ЕШТЕҢЕ. Бізге ешкім шығып, ештеңе түсіндірмеді! Заң бойынша кешіктіру 6 сағаттан асса, жолаушыларға қонақүй беру керек. Қонақүй бермейді. Әуежайдан шығармайды. Air Astana өкілі шықпайды. Менеджерді шақыруға өтініш білдіргенде: «Ол сізге не үшін керек?» деп жауап береді. Балалар әуежай еденінде ұйықтап жатыр. Қорқынышты!» — деп жазды жолаушылардың бірі.

    Сондай-ақ оқыңыз: Рейске жібермеді: Атырау тұрғындарына SCAT-пен жанжалдан кейін өтемақы төленді

    Туристердің шағымына Air Astana әуекомпаниясы жауап берді. Тасымалдаушы кешірім сұрап, кешіктіру ұшақтың техникалық ақауынан болғанын мәлімдеді.

    «Air Astana KC600 рейсінің кешіктірілуіне және оған байланысты қолайсыздықтарға шын жүректен кешірім сұрайды. Техникалық командамыз әуе кемесін тез арада қалпына келтіру үшін жұмыс істеуде. Қажетті қосалқы бөлшек табылды, қазір оны жеткізу ұйымдастырылуда», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

    Әуекомпания терминалда қалған адамдарды қонақүйге орналастыра алмаған себебін де түсіндірді.

    «Біз қонақүйге орналастыруды ұйымдастыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдадық. Алайда Вьетнам мемлекеттік органдарының талаптарына байланысты Вьетнам шекара қызметінің жолаушылардың әуежайдан шығуына рұқсат ала алмадық. Сондықтан, өкінішке орай, қазіргі уақытта қонақүйге орналастыру мүмкін емес. Біз сіздерді одан әрі өзгерістер мен ұшу уақыты туралы хабардар етеміз», — деп қосты тасымалдаушы өкілі.

    Тамыз айының басында Air Astana-ға бизнес-класс жолаушылары шағымданған болатын. Әуе кемесінің кенеттен ауыстырылуына байланысты клиенттер әдеттегі ыңғайлылық пен жайлы ұшу жағдайынан айырылған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →