Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) •

    Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО)

    Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО)

    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

    Павлодар тұрғыны кәсіпорыннан 25 млн теңге ұрлап әкетіп, оның 24 млн теңгесін ауласындағы алма ағашының түбіне жасырып қойған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер кәсіпорынның күзетшісі болған күдіктіні анықтады.

    Полицейлер бау-бақша серіктестіктерінің біріндегі саяжай учаскесінде тінту жүргізу барысында 24 млн теңгені тапты. Ақша алма ағашының түбіндегі ыдыстың ішіне жасырылған.

    «Күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қаражаты қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді», – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

    Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →