Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Nvidia Hugging Face-ті $12,9 млрд-қа сатып алуға келіссөз жүргізіп жатыр Қазанда сыналатын дайындық: жылу желілерінің тозуы қай деңгейде және биылғы қыс қалай өтпек? 826 адам жоғалған: Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 353-ке жетті «Хиджабын шешкені дұрыс болды»: Айдана Меденова ұлттық образымен елді сүйсіндірді (ВИДЕО) Астанада құрылыс алаңында кран құлап, краншы қаза тапты Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева кадеттер арасында әлем чемпионы атанды Nvidia Hugging Face-ті $12,9 млрд-қа сатып алуға келіссөз жүргізіп жатыр Қазанда сыналатын дайындық: жылу желілерінің тозуы қай деңгейде және биылғы қыс қалай өтпек? 826 адам жоғалған: Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 353-ке жетті «Хиджабын шешкені дұрыс болды»: Айдана Меденова ұлттық образымен елді сүйсіндірді (ВИДЕО) Астанада құрылыс алаңында кран құлап, краншы қаза тапты Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

    Түркістан облысында жалған нөмірлі Toyota Camry ұсталды

    Түркістан облысында жалған нөмірлі Toyota Camry ұсталды. Жүргізуші 5 тәулікке қамалып, 40 АЕК айыппұл төлейді.

    Түркістан облысында жалған нөмірлі Toyota Camry ұсталды

    Сурет: Видеодан скриншот

    Түркістан облысындағы «Алматы — Ташкент — Термез» тасжолында полицияның цифрлық жүйесі мемлекеттік нөмірі жалған Toyota Camry автокөлігін анықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Көлік туралы дерек бірден патрульдік полиция экипажына жолданып, тәртіп сақшылары оны тоқтатып, тексеру жүргізді.

    «Көлікті тоқтатуға әрекет жасаған кезде жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, бой тасалауға тырысқан. Патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел ұстады. Көлік тізгінінде Жаңа Тұрмыс ауылының 26 жастағы тұрғыны болғаны анықталды», — делінген хабарламада.

    Ол бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны, көлікті тиісті құжатсыз басқарғаны және билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

    Сонымен қатар оған 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →