Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Чемпиондар лигасы-2026/27: «Сабах» «Барселона» және «Арсенал» клубтарымен кездеседі Үлкен Алматы көлі маңында тау жыныстары құлады Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуы: сотта жаңа куәгерлер сұралды OpenAI зерттеушісі: өте жылдам AI қауіпсіздік қызметтерін артта қалдыруы мүмкін Еркебұлан Тоқтар кәсіби бокстағы жоспарын мәлімдеді Ақтөбеде жалған неке арқылы 50 млн теңге алған әскери қызметкер сотталды Чемпиондар лигасы-2026/27: «Сабах» «Барселона» және «Арсенал» клубтарымен кездеседі Үлкен Алматы көлі маңында тау жыныстары құлады Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуы: сотта жаңа куәгерлер сұралды OpenAI зерттеушісі: өте жылдам AI қауіпсіздік қызметтерін артта қалдыруы мүмкін Еркебұлан Тоқтар кәсіби бокстағы жоспарын мәлімдеді Ақтөбеде жалған неке арқылы 50 млн теңге алған әскери қызметкер сотталды

    Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуы: сотта жаңа куәгерлер сұралды

    Астанадағы сотта фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуына қатысты іс бойынша жаңа куәгерлер сұралды. Келесі отырыс 2 қыркүйекке белгіленді.

    Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуы: сотта жаңа куәгерлер сұралды

    Фото: Threads/zeineladilet

    Астанадағы сот отырысында фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуына қатысты іс бойынша жаңа куәгерлер сұралды. Мемлекеттік айыптаушы Н. Әбуов екі қосымша куәгерді — фельдшер А. Сыздықова мен Астана қалалық ТЖД қызметкері А. Кемпировті сұрау туралы өтініш білдірді. Бұған дейін олар сотқа дейінгі тергеу аясында сұралмаған еді. Сот өтінішті қанағаттандырып, екі куәгер де жауап берді.

    Сонымен қатар, сот отырысында ТЖД кезекші бөлімінің бастығы Р. Даиров, тұрғын үй кондоминиумының бұрынғы сенімді өкілдері Г. Ахметова мен Г. Акшалова, сондай-ақ маман К. Медетов сұралды. Отырыс соңында үй тұрғыны Т. Горбуля жауап берді.

    Келесі сот отырысы 2026 жылғы 2 қыркүйекте сағат 10:00-ге белгіленді. Бұл күні сот куәгерлерді сұрауды жалғастырады.

    Бұған дейін сот Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуына қатысты іс бойынша қорғаушы тараптың өтінішін қабылдамағанын хабарлағанбыз. Сонымен қатар, қорғаушы судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірген еді. Екінші адвокат Асхат Әлімов іске жаңадан қосылғандықтан, материалдармен танысуға уақыт жетіспегенін алға тартып, процесті кейінге қалдыруды сұраған. Алайда сот бұл өтінішті қабылдамай, қорғаушының отырыстар арасында материалдармен таныса алатынын атап өтті. Осыдан кейін Әлімов судьяның әрекетіне қарсылық білдіріп, оны хаттамаға енгізуді сұрады.

    Оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында болған. Тұрғын үй кешенінің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бір бөлігі құлап, бес адам зардап шеккен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →