Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр «Байтақ» партиясы Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижелерін талқылады «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Түнгі уақытта шу шығарғаны үшін айыппұл салынбады — полиция түсініктеме берді Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр «Байтақ» партиясы Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижелерін талқылады «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Түнгі уақытта шу шығарғаны үшін айыппұл салынбады — полиция түсініктеме берді

    Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр

    Қазақстанда геологиялық-геофизикалық зерттеу аумағын 2026 жылға қарай 2,2 млн шаршы километрге жеткізу жоспарланып, 20 ГС-50 жобасы іске асырылуда.

    Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр

    Сурет: egemen.kz

    Қазақстанда ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелу деңгейін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында 1:200 000 масштабтағы өңірлік зерттеулер жүргізілуде, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Алдағы жоспарларға сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін геологиялық-геофизикалық зерттелген аумақты 2,2 млн шаршы километрге дейін жеткізу көзделуде.

    Сонымен қатар, басым бағыттардың бірі — 1:50 000 масштабтағы егжей-тегжейлі геологиялық түсірілімге (ГС-50) көшу. Осы орайда 2026 жылы алтын, мыс, полиметалдар, сирек жер элементтері, литий, вольфрам, молибден және басқа да стратегиялық пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелерін анықтауға бағытталған 20 ГС-50 жобасын іске асыру басталды.

    Бұл жобалар аэро-геофизикалық, геохимиялық және зертханалық жұмыстарды, Жерді қашықтан зондтау деректерін дешифрлеуді, бұрғылау жұмыстарын және ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулерді қамтитын кешенді зерттеулерді қарастырады.

    Сонымен қатар, аз зерттелген Солтүстік Торғай және Шу-Сарысу мұнай-газды шөгінді бассейндерінде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарының алты жобасын іске қосу жоспарлануда.

    Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық тұрғыда аукцион қорытындысы бойынша түсетін қол қою бонусы түсімдерінің кемінде 50%-ын осы мақсаттарға бағыттау бекітілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →