Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 23 тамыз 2026 $ 459,1 536,0 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Баспалдақпен жүру — ұзақ өмір сүрудің қарапайым жолы Қазақстан әуе инфрақұрылымын жаңғыртып, транзиттік әлеуетін арттыруда Алматыдағы MEGA сауда орталығында өрт: келушілер эвакуациялануда Қытай Оңтүстік Қытай теңізінде жаңа жасанды арал салуды аяқтады Қазақстанда үй жануарларына ең жиі қойылатын есімдер анықталды «Потенциал Ойл» экологиялық бұзушылықтар үшін 1,4 млрд теңге айыппұл арқалады Баспалдақпен жүру — ұзақ өмір сүрудің қарапайым жолы Қазақстан әуе инфрақұрылымын жаңғыртып, транзиттік әлеуетін арттыруда Алматыдағы MEGA сауда орталығында өрт: келушілер эвакуациялануда Қытай Оңтүстік Қытай теңізінде жаңа жасанды арал салуды аяқтады Қазақстанда үй жануарларына ең жиі қойылатын есімдер анықталды «Потенциал Ойл» экологиялық бұзушылықтар үшін 1,4 млрд теңге айыппұл арқалады

    Алматыдағы MEGA сауда орталығында өрт: келушілер эвакуациялануда

    Алматыдағы MEGA сауда орталығында өрт шығып, келушілер эвакуациялануда. Төтенше жағдайлар департаменті шақыртудың жоғары деңгейі расталмағанын хабарлады.

    Алматыдағы MEGA сауда орталығында өрт: келушілер эвакуациялануда

    Сурет: politico.kz

    Алматыдағы Розыбакиев көшесінде орналасқан MEGA сауда орталығында өрт шығып, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары келіп, келушілерді эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, жерасты автотұрағында болған адамдар көліктерімен сыртқа шыға алмай қалған. Келушілер автотұрақтағы шлагбаумның жабық тұрғанына шағымданған.

    «MEGA-да өрт болып жатыр. Шлагбаумды ашудың орнына, 1000 теңгені жоғалтып аламыз деп отыр. Шығатын жерде көліктер кезекте тұр», – деп жазған келушілердің бірі.

    Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өртке қатысты шақыртудың жоғары деңгейі расталмағанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →