Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Петропавлда белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адам қайтыс болды • Бата мен тостың аражігін ажырата білу — халық дәстүрінің көрінісі • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Петропавлда белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адам қайтыс болды • Бата мен тостың аражігін ажырата білу — халық дәстүрінің көрінісі • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді •

    Қарағандылық жасөспірім суға батып бара жатқан төрт жасар баланы құтқарып қалды

    Қарағандылық жасөспірім суға батып бара жатқан төрт жасар баланы құтқарып қалды

    Фото: polisia.kz

    Қарағанды облысында 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батып бара жатқан төрт жасар баланы құтқарып қалған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Исмағұлов жасөспірімге батыл әрекет жасағаны үшін алғыс айтып, сыйлық табыстады.

    Полиция мәліметінше, оқиға тамыз айының басында Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғай көлінде болған. Төрт жасар бала су бетінде үрлемелі матраспен жүзіп жүрген. Бір сәтте қатты желдің әсерінен матрас аударылып, бала суға түсіп кеткен.

    Сол маңда болған 9-сынып оқушысы Нұралы Әлхан бірден көмекке ұмтылып, баланы судан алып шыққан. Жасөспірімнің ерлігі туралы естіген Исмағұлов бала мен анасын кездесуге шақырған. Ал жасөспірімнің анасы Самал Әбдірахмановаға алғыс хат табысталды.

    Әйел ұлы үшін алаңдағанын, десе де оның жасаған әрекетін мақтан тұтатынын айтты.

    Ал бала көмекке ұмтылған сәтте марапат жайлы мүлде ойламағанын жеткізді.

    “Бәрі аяқ астынан болды. Бала алғашында үрлемелі матраспен жүзіп жүрген. Бір кезде қатты жел соғып, матрас аударылып кетті де, суға құлап түсті. Бірден оны құтқаруға жүгірдім. Менің бес бауырым бар. Сол сәтте судағы баланың орнына өз бауырларымды елестеттім. Бар ойым оны аман алып қалу болды. Ол кезде қандай да бір марапат аламын деп ойлаған жоқпын”, – деді жасөспірім.

    Жасөспірімге Ішкі істер министрлігінің таңбасы бейнеленген қолсағат табысталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →