Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 22 тамыз 2026 $ 459,1 536,0 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Сені жоғалтуға дайын емеспін»: Анна Данченко анасы туралы жантебірентерлік жазба жариялады «Осы келінді керіліп жатып жұмсау бұйырсын»: Тойда тілек айтқан әйелдің сөзі көптің ашуына тиді Алакөлге отбасымен демалуға келіп, жоғалған ер адамның денесі табылды Аралда құдыққа құлап кеткен түйе құтқарылды «Мен жылағанда ел жұбатты»: Мөлдір Мұқан әсерлі жазба жариялап, көпшілікті жылатты «Дұғада болыңыздаршы»: Анна Данченко анасының сырқаттанып қалғанын айтты «Сені жоғалтуға дайын емеспін»: Анна Данченко анасы туралы жантебірентерлік жазба жариялады «Осы келінді керіліп жатып жұмсау бұйырсын»: Тойда тілек айтқан әйелдің сөзі көптің ашуына тиді Алакөлге отбасымен демалуға келіп, жоғалған ер адамның денесі табылды Аралда құдыққа құлап кеткен түйе құтқарылды «Мен жылағанда ел жұбатты»: Мөлдір Мұқан әсерлі жазба жариялап, көпшілікті жылатты «Дұғада болыңыздаршы»: Анна Данченко анасының сырқаттанып қалғанын айтты

    Алакөлге отбасымен демалуға келіп, жоғалған ер адамның денесі табылды

    Алакөлге отбасымен демалуға келіп, жоғалған ер адамның денесі табылды

    Фото: Ашық дереккөз

    Алакөлге отбасымен демалуға келген  44 жастағы Руслан Мусагалиевтің денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Туыстарының айтуынша, Руслан Мусагалиев жұбайы, үш баласы және әкесімен бірге демалуға келген. 17 тамыз кешке ол “серуендеп келемін” деп демалыс орнынан шығып, із-түссіз жоғалып кеткен.

    Русланның көлге шомылмағаны айтылды. Бейнебақылау камераларынан оның Арбат маңында жүргені байқалған. Одан кейін із-түзсіз жоғалған. Телефоны өшірулі болған. Кейін оның ұялы телефонын Алакөл маңынан жергілікті жасөспірім тауып алып, демалыс орнының күзетшісіне тапсырған.

    Руслан Мусагалиевті іздеу жұмыстары 18 тамызда басталған. Арада бірнеше күн өткен соң ер адамның денесі демалыс орындарынан шамамен 200 метр жердегі қалың ағаштардың арасынан табылды.

    «Бүгін іздеу жұмыстары барысында жоғалған ер адамның денесі демалыс орындарынан шамамен 200 метр қашықтықта орналасқан қалың ағаштардың арасынан табылды», – делінген Абай облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

    Полицияның мәліметінше, ер адамды іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімшелері, әскери қызметшілер мен еріктілер жұмылдырылған. Қызметтік көліктер мен ұшқышсыз ұшу аппараттары да пайдаланылған.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Туыстарының айтуынша, ер адамның денсаулығына байланысты мәселелері болған және жоғалар алдында өзін жайсыз сезінген.

    Полиция сондай-ақ желіде тараған ер адамның телефоны Алакөл маңындағы елді мекендердің бірінен табылды деген ақпаратты жоққа шығарды.

    «Ұялы телефон тікелей Алакөл көлінің жағалауынан табылды.Тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми мәліметтерге сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →