Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады • «Қияметте жауап бересіңдер!»: шыдамы таусылған әнші Ердос Қанаев ашуға мінді • Berlin Today сарапшылары: Экономикалық өсім Қазақстанның Орталық Азиядағы позициясын соңғы жеті жылда нығайтты • Ірі неміс басылымының сарапшылары соңғы 7 жылда Қазақстандағы оң өзгерістердің негізгі драйвері жайлы жазды • Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бірін толықтырады • Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды • Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады • «Қияметте жауап бересіңдер!»: шыдамы таусылған әнші Ердос Қанаев ашуға мінді • Berlin Today сарапшылары: Экономикалық өсім Қазақстанның Орталық Азиядағы позициясын соңғы жеті жылда нығайтты • Ірі неміс басылымының сарапшылары соңғы 7 жылда Қазақстандағы оң өзгерістердің негізгі драйвері жайлы жазды • Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бірін толықтырады • Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды •

    Тоқаев: «Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым»

    Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    «Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым. Мен былтыр наурыздағы Жолдауымда осы құрылтайды шақыру туралы бастама көтердім. Бұл қадам қоғамдық диалогты нығайта түсу үшін жасалды. Сондай-ақ, мұнда ұлттың болашағына ықпал ететін елдік мәселелер талқыланады. Біз құрылтайдың алғашқы отырысын осыдан дәл бір жыл бұрын Ұлт ұясы – Ұлытауда өткіздік. Көптеген маңызды істер мемлекеттігіміздің негізі қаланған қастерлі өлкеден бастау алды. Осы игі үрдіс биыл да жалғасын табуда», — деді Президент.

    Мемлекет басшысы бүгінгі басқосудың бүкіл түркі халықтары үшін киелі шаһарда өтіп жатқанын да атап өтті.

    «Халқымыз әдетте Түркістанды қазақтың рухани астанасы дейді. Дегенмен, қаланың мән-маңызы бұдан әлдеқайда жоғары. Киелі шаһар еліміздің тарихында айрықша рөл атқарған. Көне заманнан бері Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі қала болған. Бауырлас халықтардың бәріне ілім-білім таратқан руханият ошағы саналған. Сондай-ақ, қазақтың тарихында өшпес із қалдырған көптеген тұлғаларымыз осы жерден мәңгілік мекенін тапқан. Шежірелі шаһардың қабырғасына қазақтың жылнамасы түгел жазылған деуге болады. Шын мәнінде, киелі Түркістан – ұлы дала өркениетінің мызғымас темірқазығы», — деп тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев.

     

    Qazaq.today

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →