Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды «Қазақмыс» Жезқазғанға заманауи спорт кешендерін тарту етпек Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Хамза Ширазға жауап берді «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды «Қазақмыс» Жезқазғанға заманауи спорт кешендерін тарту етпек Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Хамза Ширазға жауап берді

    «Қазақмыс» Жезқазғанға заманауи спорт кешендерін тарту етпек

    «Қазақмыс» Жезқазғанға заманауи спорт кешендерін тарту етпек

    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Ұлытау облысының әкімдігі Жезқазған қаласының спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа облыс әкімі Есет Байкен мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қол қойды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Келісім аясында Жезқазғанда 6 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионы мен заманауи теннис орталығын салу бойынша екі ірі жобаны бірлесіп пысықтау жоспарланған. Жобалар тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беріп, өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

    «Жезқазған қаласында жаңа теннис орталығы мен 6 мың көрерменге арналған стадион салуды жоспарлау жөніндегі меморандумға қол қойдық. Бұл нысандар қала тұрғындарына, әсіресе балалар мен жастарға спортпен тұрақты айналысуға жаңа мүмкіндіктер береді», – деді облыс әкімі Есет Байкен.

    Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2026-2027 жылдары облыста 25-тен астам ірі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы басталады. Басты мақсат – өңірге инвестиция тартуды жалғастырып, жүзеге асырылып жатқан жобалардың нақты нәтижесін халыққа сезіндіру.

    Жабық футбол стадионын 2027-2028 жылдары салу жоспарланған. Нысан жергілікті футбол командалары мен спорт мектептерінің жыл бойы жаттығу өткізіп, ойын ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұнда облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстармен қатар, ірі қоғамдық және мәдени іс-шаралар өткізуге болады.

    Теннис орталығының құрылысы 2026-2028 жылдарға жоспарланған. Жобаға жабық және ашық теннис корттары, әкімшілік-тұрмыстық кешен, жаттығу залдары, спортшыларға медициналық қолдау көрсету және қалпына келу бөлмелері кіреді. Орталық балалар мен жастар арасында теннисті дамытуға арналған негізгі базаға айналмақ.

    «Қазақмыс үшін Ұлытау облысы – компанияға қатысы бар негізгі өңірлердің бірі. Бұл жерде біздің жұмыскерлеріміз бен олардың отбасылары тұрады. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындарға жаңа мүмкіндік сыйлаудың маңызы зор. Мақсатымыз – өңірдің игілігі үшін ұзақ жылдар қызмет ететін заманауи инфрақұрылым қалыптастыру», – деді Руслан Өскенәлі.

    Меморандум жобаларды практикалық тұрғыдан іске асырудың келесі кезеңіне жол ашады. Тараптар болашақ нысандардың техникалық-экономикалық талаптарын, сәулеттік келбеті мен негізгі сипаттамаларын бірлесіп айқындайды.

    Бұдан бөлек, 2026-2027 жылдары Жезқазғанда Қазақмыстың бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалары жүзеге асады. Олардың қатарында мешіт пен Конгресс-орталық салу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, мәдениет нысандарын жөндеу және Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру жұмыстары бар.

    Футбол стадионы мен теннис орталығын жобалау аяқталғаннан кейін олардың қаржыландыру көлемі компанияның өңірдегі әлеуметтік инвестициясының жалпы бюджетіне қосымша енгізіледі.

    Жобалар Қазақмыстың өзіне қатысы бар өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау және жас ұрпақты қолдау бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →