Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты • Абай облысынан 4 мың жылдық арба бейнеленген тас табылды • Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаева туған күніне күйеуінен алған сыйлықты көрсетіп, мақтанды • Зейнеп Баянова Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты • Абай облысынан 4 мың жылдық арба бейнеленген тас табылды • Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаева туған күніне күйеуінен алған сыйлықты көрсетіп, мақтанды •

    Мектеп асханаларында төлем жүйесі түбегейлі өзгертілді

    Мектеп асханаларында төлем жүйесі түбегейлі өзгертілді

    Фото: depositphotos.com

    Елімізде мектеп асханаларындағы тамақтану қызметтеріне ақы төлеу жүйесі түбегейлі өзгертілді. Биылдан бастап мектеп оқушылары төлемді тек «Әлеуметтік әмиян» цифрлық жүйесінің расталған деректері негізінде ғана жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл шешім бюджет қаражатының жұмсалуын қатаң бақылауға және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде. 2025–2026 оқу жылында аталмыш жүйе арқылы 149 миллион тегін ыстық тамақ беріліп, 1,6 миллион цифрлық ваучер қалыптастырылды.

    Жүйе арқылы қызмет көрсетушілермен есеп айырысу тек нақты берілген тамақ үшін ғана жүзеге асырылады. Бұл мектепке келмеген немесе сабақта болмаған балалар үшін қаражатты негізсіз есептеу тәжірибесін толықтай жояды.

    Жауапты ведомство қыркүйек айының басына дейін барлық қажетті тізімдерді толық қалыптастырып, тиісті дайындық жұмыстарын пысықтау қажеттігін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →