Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген •

    Астанада такси жолаушысы 10 тәулікке қамалды

    Астанада такси жүргізушісіне балағат айтып, қоқан-лоқы көрсеткен жолаушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

    Астанада такси жолаушысы 10 тәулікке қамалды

    Сурет: turkystan.kz

    Астанада такси жүргізушісіне балағат сөз айтып, қоқан-лоқы жасаған жолаушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Іс Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот мәліметінше, азамат такси қызметін пайдаланған. Сапар аяқталған соң ол жүргізушіге балағат сөздер айтып, көліктен шығудан бас тартқан және қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін полицияға тіркелген.

    Сот отырысында азамат кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

    Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енбеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →