Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды •

    Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті

    Елена Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Тейлор Таунсендті 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы — Магдалена Френх.

    Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті

    Сурет: turkystan.kz

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында сәтті өнер көрсетті. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда босатылып, 1/32 финалда WTA рейтингінің 94-сатысындағы америкалық Тейлор Таунсендпен кездесті. Матч екі сетке созылып, Рыбакина 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.

    Корттағы бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, бір қос қателік жіберді, ал төрт брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Келесі айналымда ол Польша өкілі Магдалена Френхпен (WTA №41) кездеседі. Френх өз кезегінде латвиялық Елена Остапенконы (WTA №30) турнирден шығарды.

    Айта кетейік, өткен жылы Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еді. Биыл ол 390 рейтингтік ұпайын қорғауы тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →