Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда Mitsubishi жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, 20 жастағы қыз зардап шекті

    Алматыда Mitsubishi жүргізушісі Өтеген батыр көшесінде бұрылыс кезінде жаяу жүргіншіні қағып, 20 жастағы қыз зардап шекті. Полиция тергеу жүргізуде.

    Алматыда Mitsubishi жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, 20 жастағы қыз зардап шекті

    Сурет: turkystan.kz

    Алматыда Өтеген батыр көшесінде Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі бұрылыс жасау барысында жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға салдарынан 20 жастағы қыз жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Полицияның алдын ала мәліметіне сүйенсек, жүргізуші даңғыл бойымен батыс бағытта келе жатып, солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға орнында Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

    Алматы полициясы жүргізушілерді маневр жасау кезінде мейлінше сақ болуға, жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігін ескеруге шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →