Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты •

    АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді

    АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капур Қазақстанға келіп, инвестиция және екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

    АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді

    Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капурды қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Пол Капур Қазақстан мен АҚШ арасындағы энергетика, маңызды минералдар, озық технологиялар, цифрландыру, көлік және инвестиция салаларындағы қарым-қатынасты кеңейтуге зор әлеует барын атап өтті.

    Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның су ресурстарын басқарудың жаһандық жүйесін нығайту жөніндегі бастамасы, атап айтқанда, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру идеясы талқыланды.

    Ал Пол Капур X әлеуметтік желісінде AlmatyInvest өкілдерімен кездесіп, Алматы қаласына шетелдік инвестиция тарту тетіктерімен танысқанын жазды. Оның айтуынша, АҚШ Алматыдағы жобаларға инвестиция салу мүмкіндіктерін, сондай-ақ Алматы компанияларының Америкаға инвестиция құю жолдарын қолдайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →