Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Астанада Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты шара өтті

    Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды

    Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алып, жолдасымен бірге сол күндердің видеосын жариялады.

    Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды

    Сурет: turkystan.kz

    Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жұбайымен отбасын құрғанына екі жыл толғанын атап өтті. Өнер иесі әлеуметтік желіде жолдасымен бірге сол күндерді еске түсірген видеосын жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Айгүл Иманбаеваның айтуынша, екі жыл бұрын жолдасы оған АҚШ-та, Тынық мұхитының жағалауында үйленуге ұсыныс жасаған. Ерлі-зайыпты кейін сол жерге қайта барып, романтикалық сәтті тағы бір мәрте еске алған.

    «Жаным, мына жер есіңде ме? Осы жерде саған ұсыныс жасаған едім», – деп сұраған актрисаның жолдасы.

    Айгүл Иманбаева сол күннің әрбір сәті әлі де есінде екенін айтты. Әнші ұсыныс дәл мұхит жағасында, маяктың маңында жасалғанын еске алды.

    «Дәл осы Тынық мұхитының жағасында, дәл осы біз тұрған жерде екі жыл бұрын менің жаным маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Ана жерде маяк, мына жерде Тынық мұхиты, толқын. Дәл осылай самал жел есіп тұрды. Күн де дәл осылай жарқырап тұрды», – деді ол.

    Өнер иесінің сөзінше, ұсыныс 2024 жылдың 2 ақпанында жасалған. Ал 23 ақпанда ерлі-зайыпты Беверли-Хиллс ауданындағы әкімдікте некесін ресми түрде тіркеген.

    «8 наурызда Палисейдстегі мешітте неке қидырдық. Уақыт қалай тез өтіп жатыр», – деді Айгүл Иманбаева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →