Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған •

    Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр

    Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр

    Фото: видеодан скрин

    Теміртаудың Ескі қала бөлігіндегі Казахстанская мен Республики көшелерінің қиылысында жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырған қауіпті жағдай қалыптасып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Көшеден шыға берісте тек «Жол бер» мен «Жаяу жүргіншілер өткелі» белгілері ғана тұрғанымен, солға бұрылуға тыйым салатын немесе оңға қозғалысты көрсететін тиісті белгілер мүлдем орнатылмаған.

    Оның үстіне жолдағы тұтас сызық өшіп кеткендіктен, әсіресе жаңбырлы күндері жүргізушілерге бағытты ажырату мүмкін болмай қалған.

    Жергілікті әкімдік пен жол инфрақұрылымына жауапты бөлімдер бұл олқылықты реттеп, тиісті белгілерді орнатуға асығатын түрі көрінбейді. Ал полиция қызметкерлері болса, әкімдік салғырттығынан пайда болған бұл «тұзақ» тұсқа аңду қойып, ереже аңдамай бұзған жүргізушілерді куәлігінен жаппай айырып жатыр. Қала билігінің қарапайым халықты әбігерге салған бұл жауапсыздығы қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →