Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты

    Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты

    Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты

    Фото: видеодан скриншот

    Нигердің оңтүстігінде екі автобус бетпе-бет соқтығысып, кемінде 22 адам қаза тапты. Тағы 37 адам жарақат алды, деп хабарлайды Agence nigérienne de presse агенттігіне сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Апат 7 тамыз күні кешке Мадауа қаласынан шамамен 50 шақырым жерде болған. Қаза тапқандардың арасында 17 әскери қызметші бар. Автобустардың бірі сарбаздарды тасымалдаған.

    Оқиға орнында жол апатының себептерін анықтау үшін тергеу басталды.

    Бұл жол-көлік оқиғасы Нигер билігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру шараларын күшейтіп жатқан тұста болды. Аумағының едәуір бөлігі Сахель өңіріне кіретін елде жол апаттары әлі де күрделі мәселе болып отыр.

    Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық агенттіктің мәліметінше, 2025 жылы Нигерде 7 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған. Соның салдарынан 1,2 мыңнан астам адам қаза тауып, тағы 4,4 мыңнан астам адам ауыр жарақат алған.

    Билік жол апаттарының негізгі себептері ретінде жылдамдықты шамадан тыс арттыруды, мас күйде көлік жүргізуді, сондай-ақ жолдар мен көліктердің нашар жағдайын атайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →