Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды Атырауда балабақша тәрбиешісі 1 жасар балаға күш көрсеткен Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында бірнеше алтын медаль жеңіп алды Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады «Не үшін сұққанымды білмеймін»: Нұрай Серікбай ісінде жаңа дерек айтылды «Көңілімде жүрген адам бар»: Танымал актер қашан үйленетінін айтты Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды Атырауда балабақша тәрбиешісі 1 жасар балаға күш көрсеткен Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында бірнеше алтын медаль жеңіп алды Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады «Не үшін сұққанымды білмеймін»: Нұрай Серікбай ісінде жаңа дерек айтылды «Көңілімде жүрген адам бар»: Танымал актер қашан үйленетінін айтты

    Алматыда жүлде қоры 10,5 млн теңге болатын республикалық суретшілер байқауы жарияланды

    Алматыда «Ажарлы Алматы!» республикалық суретшілер байқауы жарияланды. Жүлде қоры 10,5 млн теңге. Қатысу үшін өтінімдер 2026 жылы 7 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында қабылданады.

    Алматыда жүлде қоры 10,5 млн теңге болатын республикалық суретшілер байқауы жарияланды

    Алматы қаласының Мәдениет басқармасы еліміздің барлық өңіріндегі кәсіби суретшілерді «Ажарлы Алматы!» атты республикалық байқауға қатысуға шақырады. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Байқаудың басты мақсаты – бейнелеу өнерін дамыту, суретшілердің шығармашылық әлеуетін қолдау, сондай-ақ Алматының тарихи-мәдени және табиғи бейнесін көркем туындылар арқылы кеңінен насихаттау.

    Байқауға ұлтына, жасына және тұратын жеріне қарамастан, көркемсурет білімі (арнаулы орта немесе жоғары) бар Қазақстанның кәсіби суретшілері қатыса алады. Бәйгеге қойылатын негізгі талаптар мынадай:

    • Жұмыстар төмендегі тақырыптардың біріне сай келуі тиіс: Алматының тарихи және заманауи келбеті; Алматының табиғаты, көрікті жерлері мен сәулет ескерткіштері; Алматының мәдениеті, өнері және қоғамдық өмірі.

    • Туындылар кескіндеме (майлы бояу, акрил, темпера, акварель), графика немесе аралас техникада орындалуы мүмкін.

    • Әр жұмыстың ең кіші өлшемі – 70 × 80 см.

    • Байқауға бұрын көрмеде көрсетілмеген, басқа байқауларға қатыспаған және еш жерде жарияланбаған түпнұсқа туындылар ғана қабылданады.

    Өтінімдер мен материалдар 2026 жылғы 7 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында azharlyalmaty@gmail.com электрондық поштасына жіберіледі.

    Жүлде қоры:

    І орын – 3 000 000 теңге, ІІ орын – 2 жеңімпазға 2 000 000 теңгеден, ІІІ орын – 2 жеңімпазға 1 000 000 теңгеден, сондай-ақ 5 ынталандыру сыйлығы – әрқайсысы 300 000 теңгеден.

    Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2026 жылы қыркүйекте Алматы қаласы күніне орай өтеді. Байқаудың үздік шығармалары қорытынды көрмеде көрсетіледі.

    Байқаудың толық ережесімен мына сілтемеден танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-madeniet/documents/details/1051625?lang=ru

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →