Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Қазақстанда тоғыз айда 356 мың жеке кәсіпкер есептен шықты • Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Ақордада асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Қазақстанда тоғыз айда 356 мың жеке кәсіпкер есептен шықты • Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Ақордада асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты •

    Алматыда полиция ардагерінің өлімі: күдіктінің туыстары алғаш рет сөйледі

    Алматыда полиция ардагерінің өліміне қатысты күдіктінің туыстары алғаш рет пікір білдіріп, оқиғаның белгілі тұстарын айтты. Тергеу жалғасуда.

    Алматыда полиция ардагерінің өлімі: күдіктінің туыстары алғаш рет сөйледі

    Сурет: ult.kz

    Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасы қоғамда кеңінен талқылануда. Тергеудің алдын ала мәліметінше, оны жұбайы өртеп жіберген деген күдік қарастырылуда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Осы уақытқа дейін оқиғаға қатысты марқұмның туыстарының ұстанымы кеңінен таралған еді. Енді күдікті әйелдің жақындары алғаш рет пікір білдірді. Олар оқиғаның өздеріне белгілі тұстарын айтып, бұған дейін жарияланбаған жайттарды жеткізген. Әйелдің сіңлісі Руслан Өтепбайға сұхбат берді.

    «Ұлдарын таңға дейін ұрған. Әйелін де ұратын. Оны өзі видеоға түсіріп алатын болған. Оны әпкем айтты. Әпкем қанша кетіп қалса да, күйеуі келіп алып кететін. Білмеймін, қорқытады ма, не үшін кететінін түсінбейтінбіз», — деді келіншек.

    Күдіктінің туыстары істің барлық мән-жайы жан-жақты зерттелуі қажет екенін айтып, қоғамды біржақты қорытынды жасауға асықпауға шақырды. Тергеу жалғасып жатыр, ал істің нақты мән-жайын құқық қорғау органдары анықтайтын болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →