Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жөнелту жиі тоқтап жатыр
Каспий құбыр консорциумы осы аптада қауіпсіздік мәселелері мен танкерлердің тапшылығына байланысты мұнай жөнелтуді бірнеше рет уақытша тоқтатты. Reuters агенттігі хабарлады.
Әлемдік мұнай нарығына ықпал ететін ірі экспорттық арна — Каспий құбыр консорциумы (КҚК) — осы аптада бірнеше рет уақытша жұмысын тоқтатты. Бұл туралы халықаралық Reuters агенттігі хабарлады.
Агенттіктің деректеріне сүйенсек, Қазақстанның мұнай кен орындарын Ресейдің Қара теңіз жағалауымен жалғайтын бұл құбыр арқылы жөнелту шілде айының ортасынан бері үзіліп келеді. Reuters мәліметінше, бұл бағытқа әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 1,8 пайызы тиесілі.
Агенттік дереккөздерінің айтуынша, осы аптада құбыр жұмысы қысқа мерзімге қайта басталып, сәрсенбіде қайта жабылған. Себеп — қауіпсіздік мәселелері мен танкерлердің тапшылығы. Әуе дрондарының шабуыл жасау қаупіне байланысты кеме иелері танкерлерді жіберуге сақтықпен қарай бастаған.
