Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Путинді Орталық Азия мен әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға деп атады • Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты • Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады • Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіптік бастамасын ұсынды • Түркияда мектеп шабуылдарынан кейін 3 810 адам ұсталды • Қазақстан Халық Кеңесі Абай облысында алғашқы көшпелі диалог алаңын өткізді • Тоқаев Путинді Орталық Азия мен әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға деп атады • Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты • Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады • Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіптік бастамасын ұсынды • Түркияда мектеп шабуылдарынан кейін 3 810 адам ұсталды • Қазақстан Халық Кеңесі Абай облысында алғашқы көшпелі диалог алаңын өткізді •

    Көкшетауда жүргізуші төрт баланы қағып кетті

    Көкшетауда жүргізуші төрт баланы қағып кетті

    Фото: ЖИ

    Оқиға 4 тамыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында Абай мен Пушкин көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Jetour маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге жол бермей, төрт баланы қағып кеткен,деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін олар үйлеріне жіберілген.

    Аталған дерек бойынша жүргізушіге жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге қатысушыларына жол бермеу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

    «4 тамыз күні сағат 18:00 шамасында Көкшетау қаласындағы Абай және Пушкин көшелерінің қиылысында Jetour маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге жол бермей, кәмелетке толмаған төрт баланы қағып кетті. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізіліп, тексеру мен қажетті ем алғаннан кейін үйлеріне жіберілді. Балалардың ата-аналары жүргізушіге қатысты ешқандай шағым түсірген жоқ», – деп хабарлады полиция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →