Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 6 тамыз 2026 $ 471,0 543,4 5,85
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дүлей дауыл: Өскеменде 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды Астанада атпен жүрген блогерге айыппұл салынды Алматыда заңсыз жүрген 35 шетел азаматы елден шығарылды Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында үйректерді талаған иттің иесі жеңіл жазамен құтылды Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде 25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО) Дүлей дауыл: Өскеменде 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды Астанада атпен жүрген блогерге айыппұл салынды Алматыда заңсыз жүрген 35 шетел азаматы елден шығарылды Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында үйректерді талаған иттің иесі жеңіл жазамен құтылды Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде 25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО)

    100 мың теңге төлеп, нәжіске шомылған: Алматы облысында демалушылар шу шығарды

    100 мың теңге төлеп, нәжіске шомылған: Алматы облысында демалушылар шу шығарды

    Фото: видеодан скрин

    Алматы облысындағы ең қымбат әрі танымал «8 озер» демалыс кешенінде сұмдық антисанитария орын алды. Демалушылар бассейн ішінде адамның нәжісі қалқып жүргенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Әлеуметтік желіде (Threads) тараған жазба авторының айтуынша, ол коттедж бен бассейнге 100 мың теңгеден астам қаражат жұмсаған. Алайда мұндай қымбат демалыстың соңы жағымсыз жағдаймен аяқталды.

    «Бүгін «8 озер» демалыс орнында болдық. Бассейнде адамның үлкен нәжісі қалқып жүрді. Оны өз көзіммен көрдім! Бір түнге коттедж үшін 75 мың теңге, келесі күні екі адамға бассейнге кіру үшін 30 мың теңге төледік. Сөйтсек, нәжіспен бірге шомылып жүр екенбіз! Қызметкерлер оны судан жай ғана сүзіп алып тастады да, жұртқа ары қарай түсе беруге рұқсат берді. Иісі өте жағымсыз болды, соның жанында жүргенімді ойласам, жүрегім айниды», — деп жазды ашуланған демалушы.

    Кейбіреулер мұндай жағдайға кішкентай балаларға арнайы суға түсетін жаялық кигізбеген ата-аналар кінәлі деп есептейді.

    Пайдаланушылардың бірі Түркияда мұндай жағдай болса, бассейнді толық тазалау үшін кемінде бір тәулікке жауып тастайтынын мысалға келді.

    Көпшілік басты кінәні демалыс орнының әкімшілігіне артты. Себебі санитарлық талаптарға сай, суды толық залалсыздандырудың орнына, олар жағдайды жылы жаба салған. Әзірге «8 озер» демалыс аймағының әкімшілігі бұл масқара жағдайға қатысты ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →