Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Белгілі қазақстандық кинорежиссер өмірден өтті

    Белгілі қазақстандық кинорежиссер өмірден өтті

    Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Қазақстанның белгілі кинорежиссері Ардақ Әмірқұлов 71 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Министрлік марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне, сондай-ақ барша киносүйер қауымға көңіл айтты.

    Ведомствоның мәліметінше, Ардақ Жамансарыұлы саналы ғұмырын ұлттық кино өнерін дамытуға арнап, қазақ кинематографиясының өркендеуіне зор үлес қосты. Ол дарынды режиссер ғана емес, бірнеше буын киногердің қалыптасуына ықпал еткен білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде де танылды.

    Ардақ Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» және басқа да туындылары қазақ киносының алтын қорына енген. Оның фильмдері ел тарихын, ұлттық рухани құндылықтарды және адам тағдырын терең суреттеуімен көрермен мен киносыншылардың жоғары бағасына ие болды.

    «Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен қазақ мәдениеті мен кино өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!» – делінген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің көңіл айтуында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →